Шетелде туғаны туралы консулдық жазбалар (CRBA)

Шетелде туғаны туралы консулдық жазбаны алуға өтініш беру туралы жалпы ақпарат елшіліктің веб-сайтында орналастырылған: https://kz.usembassy.gov/birth/

Егер сіз Қазақстанда тұрсаңыз және әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы (SSA) ұсынатын қызметтерге қатысты сұрақтарыңыз болса, Грекияда орналасқан SSA федералды төлем бөліміне (FBU) хабарласуыңыз керек.

Олардың қызметтері және олармен қалай байланысуға болатыны туралы қосымша ақпаратты олардың веб-сайтынан табуға болады: https://gr.usembassy.gov/u-s-citizen-services/social-security/

Шетелдегі SSA қызметтері туралы толық ақпаратты SSA-ның Әлем бойынша қызметтерінің веб-сайтынан алуға болады.

Егер сіз SSA жәрдемақы төлемдерін алып жатсаңыз, бұл төлемдерді үлестіру әдісі өзгермейді.

Америка Құрама Штаттарынан тыс жерлерде тұратын адамдарға арналған SSA қызметтері туралы жалпы ақпаратты мына жерден табуға болады https://www.ssa.gov/foreign/index.html .

Жалпы, баланың шетелде туылуы туралы консулдық жазбаға өтініш (CRBA) беру үшін сізге қажет:

  • Өтініштің тиісті нысанын толтыру
  • Растайтын құжаттарды ұсыну
  • Тиісті жарнаны төлеу
  • Қабылдауға жазылу

Өтініш формалары, жарнаны төлеу, қажетті растау құжаттары және өтініш беру тәртібі туралы ақпаратты қоса алғанда, өтініш беру бойынша қадамдық нұсқаулар елшіліктің веб-сайтында берілген: https://kz.usembassy.gov/birth/

Егер сізде шұғыл саяхаттау қажеттілігі болса, CRBA алудың қажеті жоқ немесе егер Сізге ыңғайлы болса, CRBA орнына төлқұжат алуға өтініш бере аласыз.

Өтініш нысандары, жарнаны төлеу, фотосуретке қойылатын талаптар, қажетті ілеспе құжаттар және өтініш беру тәртібі туралы ақпаратты қоса алғанда, өтініш беру бойынша қадамдық нұсқаулар елшіліктің веб-сайтында келесі сілтемеде берілген: https://kz.usembassy.gov/passport-services/

Америка Құрама Штаттарында сіз кез келген төлқұжат қабылдау агенттігіне өтініш бере аласыз. Сізге жақын жерде төлқұжат алуға өтініш қабылдау бөлімін табу үшін https://iafdb.travel.state.gov Мемлекеттік департаменттің веб-сайтына кіріңіз:

Егер бірінші рет әрекеттенгенде қабылдауға жазылу мүмкін болмаса, күнтізбеде жарияланған жаңа қабылдаудың ашылғанын үнемі тексеріп отырыңыз.

Қабылдауға жазылу әрдайым жарияланып тұрады. Қабылдау күнтізбесі нақты уақыт режимінде жұмыс істейді, сондықтан ол барлық қолжетімді кездесулерді, соның ішінде қолжетімді бас тартылған қабылдауларды көрсетеді. Қабылдауды белгілі бір күнге немесе уақытқа белгілеу мүмкін емес, сондықтан күнтізбеде бос орындардың бар-жоғын үнемі тексеріп отырыңыз.

CRBA сапарлау құжаты болмағандықтан, балаға бір уақытта АҚШ төлқұжатына өтініш беру ұсынылады. Екі өтінішті де CRBA-ға қабылдауға жазылған уақытта бірге беруге болады.
Сапарға қатысты мәселелерді болдырмау үшін кездесуге мүмкіндігінше ертерек жазылуды ұсынамыз. Қабылдау кезінде сіз сапар жоспарларына сүйене отырып, жеделтетілген төлқұжат қажет пе, жоқ па, соны талқылай аласыз.
Шетелде туғаны туралы консулдық жазба (CRBA) - туған кезде азаматтық алған АҚШ азаматы болып табылатын ата-ананың шетелде туылған 18 жасқа толмаған балаларының азаматтығын растайтын ресми құжат. Барлық АҚШ азаматтары АҚШ-қа жарамды америкалық төлқұжатпен кіруге және шығуға міндетті. Сондықтан, сіздің балаңыздың АҚШ-қа алғашқы сапарына дейін оның азаматтығы туралы мәселені шешуге кеңес береміз.

Егер сіздің балаңыз АҚШ азаматтығын алуға лайықты деп санасаңыз, сіз Қазақстанда CRBA және алғашқы америкалық төлқұжатын алуға өтініш бере аласыз. Қазақстанда баламен кездескеннен кейін біз сіздің балаңыздың туған жері юрисдикциясында орналасқан елшілікке немесе консулдыққа CRBA алуға өтініш жібереміз. Сондықтан өтінішті өңдеу әдеттегіден ұзағырақ уақытты алады. Қабылдау кезінде сізге қосымша ақпарат беріледі.

CRBA-ға қатысу құқығы туралы қосымша ақпаратты келесі сайттан табуға болады: https://travel.state.gov/content/travel/en/international-travel/while-abroad/birth-abroad.html

Америка Құрама Штаттарында CRBA-ға өтініш беру мүмкін емес. Егер сіздің балаңызда әлі АҚШ азаматтығын растайтын құжаттар болмаса, https://travel.state.gov/content/travel/en/passports АҚШ-тағы балаңызға америкалық төлқұжат алуға қалай өтініш беру керектігін білу үшін келесі сілтемеге кіріңіз. Оның азаматтық алуға өтініші төлқұжат алуға өтініш беру процесінің шеңберінде қаралатын болады.
АҚШ елшілігінің немесе консулдығының веб-сайтына кіріңіз https://www.usembassy.gov/ осы елде олар үшін CRBA-ға қалай өтініш беру керектігін біле аласыз.

Елшілік CRBA сертификаттарының көшірмелерін сақтамайды. Алайда, сіз CRBA сертификатының көшірмесіне АҚШ Мемлекеттік департаменті арқылы өтініш бере аласыз.

https://travel.state.gov сайтына кіріп, “Шетелде туылғаны туралы консулдық жазбаны қалай ауыстыруға немесе өзгертуге болады” бөліміне өтіңіз.

https://travel.state.gov/content/travel/en/records-and-authentications/requesting-a-vital-record-as-a-u-s–citizen/replace-amend-CRBA.html

Жауап: CRBA немесе баланың бауыр(лар)ына арналған төлқұжат қызметтері

Қызметке өтініш берген әрбір балаға қабылдау үшін бөлек кездесу қажет, сондықтан бос орындар жеткілікті күнді таңдаңыз. Егер бос орындар бар болса, сіз сол уақыт аралығында қабылдауға жазыла аласыз. Егер сіз барлық кәмелетке толмаған балаларыңызды бір күнде төлқұжат немесе CRBA алуға жаза алмасаңыз, елшілікке немесе консулдыққа хабарласыңыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdacOCxw5sb1R0Qk9S_TxXmt4886DUmcpIZb_g2CHWqFvzRKQ/formResponse

Қабылдауға алдын-ала жазылу кезінде консулдық қызметкеріне бірнеше балаға қызмет көрсетуге өтініш бергеніңізді айтыңыз.Өтініштер мүмкіндігінше бір уақытта өңделетін болады.

Жауап: Баланың ата-анасына төлқұжатты ресімдеу қызметтері

Егер сіздің өзіңіздің төлқұжаттық қызметтеріңіз жеке келуіңізді қажет етсе, сізге өз атыңыздан жеке қабылдауға жазылу керек болады.

Біз стандартты өңдеу уақытында өтінім мәртебесінің жаңартуларын ұсынбаймыз. Төлқұжатыңызды алу үшін шамамен төрт апта және балаңыздың шетелде туылғаны туралы консулдық жазбаны (CRBA) алу үшін екі-үш апта уақыт күту керек (егер ол консулдық аудан шегінде туылған болса). Консулдық ауданнан тыс жерде туылған балаларға арналған CRBA-ны рәсімдеу қосымша уақытты қажет етеді. Егер сіз/сіздің балаңыз шетелде туылғаны туралы консулдық жазба мен төлқұжатты алуға өтініш берген болсаңыз және қарау мерзімі стандартты уақыттан асып кетсе, сіз АҚШ елшілігіне келесі сілтеме арқылы хабарласа аласыз:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdacOCxw5sb1R0Qk9S_TxXmt4886DUmcpIZb_g2CHWqFvzRKQ/formResponse

АҚШ азаматы болып табылатын ата-ананың шетелде туылған балалары АҚШ азаматтығына ие бола алады. Бұл АҚШ азаматтығының ресми дәлелі болып саналатын және шетелде (CRBA) АҚШ азаматы болып табылатын ата-анадан туған 18 жасқа толмаған балаға берілетін куәлік. Ол баланың туылғанда АҚШ азаматтығын алғанын растайды.

Тапсыру талаптары және өтініш беру жөніндегі нұсқаулықтар туралы ақпарат келесі веб-сайтта берілген: https://kz.usembassy.gov/birth/

АҚШ-тың Қазақстандағы өкілдігі енді CRBA-ға өтініштерді электронды түрде (eCRBA) қабылдайды. Толық ақпарат алу және eCRBA арқылы өтініш бере алатын-алмайтыныіызды анықтау үшін келесі сілтемеге өтіңіз: https://kz.usembassy.gov/birth/

Кейбір консулдық бөлімдерде шетелде туылғаны туралы консулдық жазбаға (CRBA) тапсырыс беру үшін қосымша процедуралар қарастырылуы мүмкін. Елшілікте қызметті талап ететін әрбір өтініш беруші жеке қабылдауға жазылуы тиіс. Егер сіз барлық кәмелетке толмаған балаларыңызды бір күнде төлқұжат немесе CRBA алуға жаза алмасаңыз, елшілікке хабарласыңыз:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdacOCxw5sb1R0Qk9S_TxXmt4886DUmcpIZb_g2CHWqFvzRKQ/formResponse