Төтенше жағдайларда қаржылық көмек көрсету
АҚШ консулдары күтпеген жағдайларға байланысты шетелде жүрген және уақытша өмір сүруге қаражатсыз қалған АҚШ азаматтарына көмек көрсете алады. Осы жағдайларға тап болған американдықтар Бас консулдыққа немесе Мемлекеттік департаменттің Шетелдегі істер жөніндегі басқармасына 1-888-407-4747 (жұмыс уақытында) немесе 202-647-5225 (жұмыс уақытынан тыс) телефондары арқылы хабарласуы керек. Консулдық қызметкерлері мұқтаж американдықтарға ақша аудару туралы келіссөздер жүргізу үшін туыстарымен, банкпен немесе жұмыс берушімен байланысуға көмектесе алады. Кейбір жағдайларда бұл қаражатты мемлекеттік департамент арқылы аударуға болады. Консулдық қызметкер бұл жағдайда қалай көмектесе алатындығы туралы ақпаратты елшіліктің веб-сайтынан табуға болады https://kz.usembassy.gov/services/#emergencyassistance .
Қосымша ақпаратты АҚШ Мемлекеттік департаментінің веб-сайтынан https://travel.state.gov/content/travel.html “Халықаралық сапарлар”, “Төтенше жағдайлар” бөлімін таңдап, “Шетелдегі АҚШ азаматтарына шұғыл қаржылық көмек” бөліміндегі нұсқауларды орындау арқылы табуға болады.
Егер Сіз Қазақстандағы шұғыл қаржылық көмек туралы біреумен тікелей сөйлескіңіз келсе, жақын маңдағы, АҚШ елшілігіне немесе консулдығына қоңырау шалыңыз:
Астанадағы АҚШ елшілігі
Қүнделікті жұмыс уақытында (дүйсенбі-жұма таңғы 8:00-ден кешкі 16:30-ға дейін):
Қазақстаннан: (+7-7172) 70-21-00
Америка Құрама Штатынан: 011-7-717-270-21-00
Жұмыс уақытынан тыс кезде:
Қазақстаннан: (+7-7172) 70-22-00
Америка Құрама Штатынан: 011-7172 70-22-00
АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы
Қүнделікті жұмыс уақытында (дүйсенбі-жұма таңғы 8:00-ден кешкі 16:30-ға дейін):
Қазақстаннан: +7(727)250-4802
Америка Құрама Штатынан: 011-7-727-250-4802
Жұмыс уақытынан тыс кезде:
Қазақстаннан: +7(727)250-4802
Америка Құрама Штатынан: 011-7-727-250-4802