Төлқұжат сұраулары
Төлқұжат қызметтері туралы жалпы ақпарат елшіліктің сайтында орналастырылған: https://kz.usembassy.gov/passport-services/
Төлқұжат қызметтеріне әртүрлі төлемнің тізімін Мемлекеттік департаменттің веб-сайтынан табуға болады: https://travel.state.gov/content/travel/en/passports/requirements/fees.html .
Төлқұжат қызметтері үшін төлемдерді өтініш берушінің белгіленген қабылдауы күні елшіліктің / консулдықтың кассасында төлеуге болады. Төлемдерді АҚШ долларымен немесе негізгі дебеттік/несиелік картаңыз арқылы төлей аласыз.
Жалпы, АҚШ төлқұжатына өтініш беру үшін сізден мыналар талап етіледі:
- Өтініштің тиісті нысанын толтыру
- АҚШ азаматтығын растайтын құжаттарды ұсыну;
- Растайтын құжаттарды ұсыну
- Фотосуретті тапсыру
- Тиісті жарнаны төлеу
- Өтінішті тапсыру
Өтініш нысандары, жарнаны төлеу, фотосуретке қойылатын талаптар, қажетті ілеспе құжаттар және өтініш беру тәртібі туралы ақпаратты қоса алғанда, өтініш беру бойынша қадамдық нұсқаулар елшіліктің веб-сайтында келесі сілтемеде берілген: https://kz.usembassy.gov/passport-services/
Егер бірінші рет әрекеттенгенде қабылдауға жазылу мүмкін болмаса, күнтізбеде жарияланған жаңа қабылдаудың ашылғанын үнемі тексеріп отырыңыз.
Қабылдауға жазылу әрдайым жарияланып тұрады. Қабылдау күнтізбесі нақты уақыт режимінде жұмыс істейді, сондықтан ол барлық қолжетімді кездесулерді, соның ішінде қолжетімді бас тартылған қабылдауларды көрсетеді. Қабылдауды белгілі бір күнге немесе уақытқа белгілеу мүмкін емес, сондықтан күнтізбеде бос орындардың бар-жоғын үнемі тексеріп отырыңыз.
Бізде сіздің өтінішіңіздің мәртебесі туралы ақпаратқа қолжетімділік жоқ.
Сіз АҚШ төлқұжатына берген өтінішіңіздің мәртебесін мына сілтеме арқылы тексере аласыз: https://travel.state.gov/content/travel/en/passports/after/status.html
Қабылдауға жазылу онлайн жүргізіледі.
Қазақстандағы АҚШ азаматына қызмет көрсетуге қабылдауға жазылу үшін кіріңіз: https://kz.usembassy.gov/appointments-locations/
Сұхбатқа өзіңізбен бірге басып шығарылған қабылдауды растау парағын, толтырылған нысандар мен құжаттардың түпнұсқаларын әкелуіңіз керек.
Қабылдауға жазылу кезінде сіз жазбаша түрде мыналарды көрсетуіңіз керек:
- Берілгн қабылдауды растау нөмірі.
- Қабылдаудың күні мен уақытын. Сіз электрондық пошта арқылы қабылдау күнін растайтын хат алмайсыз.
- Қабылдаудың құпия сөзі. Егер қабылдаудан бас тартқыңыз келсе, сізге құпия сөз қажет болады. Елшілікте құпия сөз жазбалары сақталмайды.
Елшілікте қызметті талап ететін әрбір өтініш беруші жеке қабылдауға жазылуы тиіс.
Егер сіз барлық кәмелетке толмаған балаларыңызды бір күнде төлқұжат немесе CRBA алуға жаза алмасаңыз, елшілікке немесе консулдыққа хабарласыңыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdacOCxw5sb1R0Qk9S_TxXmt4886DUmcpIZb_g2CHWqFvzRKQ/viewform
Қабылдауға жазылу кезінде құпия сөзді, сондай-ақ қабылдау күні мен уақытын басып шығаруды немесе жазуды ұмытпаңыз. Сіз кездесуді растайтын автоматтандырылған электрондық хат немесе еске салу электрондық хатын алмайсыз.
Төлқұжат алуға өтініштердің тиісті нысандарын елшіліктің сайтынан мына сілтеме арқылы алуға болады: https://kz.usembassy.gov/passport-services/
Егер сіз өтініш беру нысанын онлайн режимде толтырсаңыз, онда барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін өтініш PDF түрінде жасалады. Өтінішті басып шығару керек, себебі оны елшілікке электронды түрде тапсыруға болмайды. Егер сізге өтінішті онлайн толтыру қиын болса, басып шығаруға және қара сиямен қолмен толтыруға болатын жүктелетін PDF нұсқасы бар.