Төлқұжатқа өтініш беру нысанын қалай толтырамын?
Төлқұжат алуға өтініштердің тиісті нысандарын елшіліктің сайтынан мына сілтеме арқылы алуға болады: https://kz.usembassy.gov/passport-services/
Егер сіз өтініш беру нысанын онлайн режимде толтырсаңыз, онда барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін өтініш PDF түрінде жасалады. Өтінішті басып шығару керек, себебі оны елшілікке электронды түрде тапсыруға болмайды. Егер сізге өтінішті онлайн толтыру қиын болса, басып шығаруға және қара сиямен қолмен толтыруға болатын жүктелетін PDF нұсқасы бар.