Менің отбасымның мүшесі/жұбайым/досым/ танысым жоғалып кетті, меніңше, ол Қазақстанда.

Жасалынайын деп жатқан қылмыс немесе адамның жоғалғаны туралы хабарлау үшін жергілікті полицияға хабарласыңыз. Олар шетелдегі қылмыстар туралы Интерполға жүгіне алады.

Қосымша ақпаратты Мемлекеттік департаменттің веб-сайтынан https://travel.state.gov/content/travel.html “Халықаралық сапарлар”, “Төтенше жағдайлар” бөлімін таңдап, “Шетелде жоғалған АҚШ азаматтары” бөліміндегі нұсқауларды орындау арқылы алуға болады

Егер Сіз Қазақстанда АҚШ азаматының жоғалуы туралы біреумен тікелей сөйлескіңіз келсе, жақын маңдағы АҚШ елшілігіне немесе консулдығына қоңырау шалыңыз:

Астанадағы АҚШ елшілігі

Қүнделікті жұмыс уақытында (дүйсенбі-жұма таңғы 8:00-ден кешкі 16:30-ға дейін):
Қазақстаннан: (+7-7172) 70-21-00
Америка Құрама Штатынан: 011-7-717-270-21-00

Жұмыс уақытынан тыс кезде:
Қазақстаннан: (+7-7172) 70-22-00
Америка Құрама Штатынан: 011-7172 70-22-00

АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы

Қүнделікті жұмыс уақытында (дүйсенбі-жұма таңғы 8:00-ден кешкі 16:30-ға дейін):
Қазақстаннан: +7(727)250-4802
Америка Құрама Штатынан: 011-7-727-250-4802

Жұмыс уақытынан тыс кезде:
Қазақстаннан: +7(727)250-4802
Америка Құрама Штатынан: 011-7-727-250-4802