Қылмыс құрбандары
Қазақстандағы құқықтық көмек туралы елшіліктің веб-сайтынан білуге болады https://kz.usembassy.gov/services/#local . Мұнда сіз әр консулдық аудан бойынша адвокаттардың тізімін таба аласыз.
Назар аударыңыз: Мемлекеттік департаменті аты-жөні келесі тізімдерде көрсетілген заңды немесе жеке тұлғалардың кәсіби қабілетіне немесе беделіне, сондай-ақ көрсететін қызметтердің сапасына жауап бермейді. Бұл тізімге енгізу АҚШ департаментінің немесе Үкіметінің мақұлдауы болып табылмайды. Атаулар алфавиттік ретпен берілген және олардың реті басқа мағынаға ие емес. Тізімдегі ақпаратты тікелей жергілікті қызмет көрсетушілер ұсынады; Департамент бұл ақпаратқа кепілдік бере алмайды.
Жасалынайын деп жатқан қылмыс туралы хабарлау үшін жергілікті полицияға хабарласыңыз.
Көрсетілетін көмек:
- Жоғалған немесе ұрланған төлқұжатты ауыстыру
- 1974 жылғы Құпиялылық заңына сәйкес туыстарына, достарына немесе жұмыс берушіге жазбаша рұқсатпен хабарласу
- Тиісті медициналық көмекке қол жеткізуді жеңілдету үшін ақпарат беру
- Қылмыс нәтижесінде туындаған шұғыл мәселелерді шешу
- Америка Құрама Штатына оралу үшін алуға болатын көмек сияқты қаржылық көмек нұсқаларын түсіндіру
- Қабылдаушы елдің тиісті заңдарын және олардың орындалуын талқылайтын жергілікті байланыс тұлғалары немесе ұйымдары туралы ақпарат беру
- Қажет болса, жергілікті қылмыстық іс жүргізу кезінде сіздің ісіңіздің мәртебесі туралы ақпарат беру
- Егер бар болса, сізді қылмыс құрбандары үшін шетелдік және америкалық ресурстармен байланыстыру
- Ағылшын тілінде сөйлейтін жергілікті заңгерлердің тізімін беру
Елшіліктің веб-сайтында қылмыс құрбандары үшін қосымша ресурстар мен ақпарат бар.
Елшіліктің веб-сайтына кіріңіз https://kz.usembassy.gov/victims-of-crime/ .
Қосымша ақпаратты Мемлекеттік департаменттің веб-сайтынан https://travel.state.gov/content/travel.html , “Халықаралық сапарлар”, “Төтенше жағдайлар” бөлімін таңдап, “Қылмыстың құрбаны болған АҚШ азаматтарына көмек” бөліміндегі нұсқауларды орындау арқылы алуға болады.
Төлқұжаттарға қатысты төлқұжат нұсқаулығын қараңыз
Қазақстанда заң көмегін алу үшін, біздің веб-сайтымызға кіріңіз https://kz.usembassy.gov/services/#local .
Қазақстанда медициналық көмек алу үшін, біздің веб-сайтымызға кіріңіз https://kz.usembassy.gov/medical-assistance/ .
Егер Сіз Қазақстанда АҚШ азаматына жасалған қылмыс туралы біреумен тікелей сөйлескіңіз келсе, жақын маңдағы АҚШ елшілігіне немесе консулдығына қоңырау шалыңыз:
Астанадағы АҚШ елшілігі
Қүнделікті жұмыс уақытында (дүйсенбі-жұма таңғы 8:00-ден кешкі 16:30-ға дейін):
Қазақстаннан: (+7-7172) 70-21-00
Америка Құрама Штатынан: 011-7-717-270-21-00
Жұмыс уақытынан тыс кезде:
Қазақстаннан: (+7-7172) 70-22-00
Америка Құрама Штатынан: 011-7172 70-22-00
АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы
Қүнделікті жұмыс уақытында (дүйсенбі-жұма таңғы 8:00-ден кешкі 16:30-ға дейін):
Қазақстаннан: +7(727)250-4802
Америка Құрама Штатынан: 011-7-727-250-4802
Жұмыс уақытынан тыс кезде:
Қазақстаннан: +7(727)250-4802
Америка Құрама Штатынан: 011-7-727-250-4802
Төтенше жағдайларда қаржылық көмек көрсету туралы нұсқаулықпен танысыңыз
АҚШ төлқұжатына өтініш беру туралы ақпаратты АҚШ төлқұжатына қалай өтініш беру қажет бөлімінен қараңыз.